БИЫЛ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

БИЫЛ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 100% САПАЛЫ ЭЛЕКТР ҚУАТЫМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

2022 жылы қаладағы 81 елді-мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылса, 8 елді-мекенде электр қуаты сапасыз.

Осыған орай, қаланың даму жоспарына сәйкес, 2022 жылы

13 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізілді.

Олар: Батыс, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай, Туран 1-2, Сауле, Жаңаталап, Нұртас, Достық, Еңбекші (жаңақұрылыстар), Бозарық-74 га, Нұрсәт, Туркестан.

2022 жылдың қорытындысымен Солтүстік саяжай, Туран 2-кезек, Сәуле, Жаңаталап, Нұртас, Достық, Еңбекші ауданына қарасты жаңақұрылыс аумақтары, Бозарық-74 га аумағын сапалы электрмен қамту құрылыс жұмыстарын аяқталып, 66 мыңнан астам адам сапалы электр қуатына қосылуға мүмкіндік алды.

Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 97%-дан, 98%-ға өсті.

Құрылысы өтпелі 5 нысанның (Батыс, Қайнарбұлақ, Туран 1 кезек, Нұрсәт, Туркестан) құрылыс жұмыстарын 2023 жылы аяқтау жоспарлануда.

Сонымен қатар, қала тұрғындарын сапалы электрмен қамтамасыз ету мақсатында, қаланың даму жоспарына сәйкес, 2023 жылы елді мекендерді 100 %-ға жеткізу жоспарлануда.