Қала күніне арналған жалпықалалық бұқаралық жүгіру сайысына 500-ден астам қала тұрғыны қатысты.
Қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
5 шақырымдық жаппай жүгіру сайысы
Royal фитнес клубының алдынан басталып, Наурыз алаңында қорытындыланды.
Саламатты өмір салтын насихаттап, белсенді қатысқан тұрғындар естелік медальдармен марапатталды.
Қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов іс-шара одан әрі жалғасын табатынын атап өтті.
Сондай-ақ, Олимпиада ойындарының жүлдегерлері, Азия чемпионатының жеңімпаздары да іс-шарада белсенділік танытты.
«Шымкент келбеті» – Тағабай ҚАСЫМОВ