Америкалық кәсіпкер, Tesla және SpaceX негізін қалаушы Илон Маск коронавирус инфекциясына қарсы жаһандық вакцинацияға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы кәсіпкер Twitter желісіндегі парақшасында жазды.
- Түсінікті болу үшін: мен вакциналарды, атап айтқанда COVID-19-ға қарсы вакциналарды қолдаймын. Ғылым - екіұшты емес, - деп жазды Маск.
Сондай-ақ, кәсіпкер вакцинациядан кейін аллергиялық реакция өте сирек кездесетінін және оны EpiPen (бір рет қолданылатын, алдын-ала толтырылған екпеге арналған автомат құрылғы. - автор.) арқылы оңай жеңуге болатынын айтты.
Еске салайық, пандемияның басында Маск коронавирусқа қатысты шектеулерге қарсы болған. Ол мұны COVID-19-дан туған бос дүрбелең деген. Содан кейін ол вакцинадан бас тартқан еді.