Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды shymkentaqparat.kz РИА Новости-ға сілтеме жасап
Арнайы ұйым коронавирусқа қарсы 12 препаратқа зерттеу жүргізген. Соның бірі әлем елдері арасында үлкен сұранысқа ие – «Pfizer».
-Вакцинадан жанама әсерлері бар екені рас. Мәселен, кей адамдар анафилактикалық шок алады, енді бірі ауыр аллергияға бейім болып келеді. Сондықтан вакцинаны арнайы медициналық мекемелерде жасатқан дұрыс, - дейді ДДҰ-ның сарапшысы Мариангела Симао.
ДДҰ-давакцинаның кез келген жанама әсерлерімұқият бақыланып, ұсыныстар жиі жаңартылып отырады.
Айта кетейік, Қазақстанда 3 мыңнан астам еріктіге QazCovid-in вакцинасы салынғандығы туралы Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеген болатын.