Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай «Дәстүр – мәдениет мәйегі» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Бұл шара қазақтың ұлттық құндылықтары мен құқықтық мәдениетті байланыстыруға, Абай Құнанбаевтың Қарамола ережесінің мәнін жастарға жеткізуге бағытталған.
Қазақстанның Конституциясы – еліміздің тәуелсіздігі мен демократиясының негізі. Осы маңызды мерейтой аясында өткен шара жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, ұлттық дәстүрлерді насихаттауға, әділдік пен теңдік ұғымдарын түсіндіруге бағытталған.
Іс-шара барысында салт-дәстүр мен заманауи құқықтық мәдениетті бейнелейтін көрме ұйымдастырылды. Қатысушылар қазақ халқының тарихы мен құндылықтарын көрнекі түрде тамашалап, Конституциядағы адам құқығы мен әділдіктің маңызын ұғынды.
Бұл мерекелік іс-шараның маңызды бөлігін Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығының қызметкерлері орындаған көрініс құрады. Олар Абай Құнанбаевтың Қарамола ережесін сахналап, оның маңызын, адам құқықтары мен әділдік туралы ұғымдарды көрерменге терең әрі әсерлі жеткізді. Қызметкерлердің бұл шығармашылық көрінісі жастардың санасына патриоттық тәрбие мен ұлттық құндылықтардың маңызын ұғындыруда ерекше әсер қалдырды.
«Шымкент келбеті»