Шымкент қаласында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жалпы қалалық тазалық күні ұйымдастырылды. Қала аумағының бірнеше ауданында өткен шараға тұрғындар мен мемлекеттік қызметкерлерлері қатысты.
Еңбекші ауданы әкімі аппаратының ("Еңбекші" КММ, "Группа Интеко" ЖШС) 487 қызметкері мен 10 техника жұмылдырылып, 3 тонна қоқыс шығарылды.
Құрылыс басқармасының 23 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылып, 1 тонна қоқыс шығарылды.
Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының 27 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылып, 1,2 тонна қоқыс шығарылды.
Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының 34 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылып, 1,5 тонна қоқыс шығарылды.
Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының 17 қызметкері мен 2 техника жұмылдырылып, 1,6 тонна қоқыс шығарылды.
«Shymkent» ӘКК» АҚ 23 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылып, 0,9 тонна қоқыс шығарылды.
Аталған мекемелерден бөлек, ардагерлер, кәсіпкерлер, жергілікті тұрғындар, жалпы 410 тұрғын тазалық акциясына атсалысты.
Жалпы аудан бойынша 1532 қызметкер, 33 техника жұмылдырылып, 15,7 тонна қоқыс шығарылды.
Атқарылған негізгі жұмыстар:
- Қураған ағаштар мен бұтақтарды кесу
- Шөп шабу
- Жолдар мен аяқжолдарды жуу
- Қоқыс алаңшаларын жуу
- Ескерткіштерді жуу
- Аулаларды абаттандыру (бояу, элементтерді ретке келтіру және т.б.)
- Жалпы тазалық жұмыстары және басқа да іс-шаралары.