Үшінші мегаполисте экспортқа бағдарланған жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету, өнімдерін экспортқа шығару мақсатында бірқатар жұмыс атқарылды.
2022 жылы «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ отандық тауарларды сыртқы нарықтарда сүйемелдеу шығынын субсидиялауға 19 кәсіпкерден сұранысын қанағаттандырып, жалпы сомасы 559,6 млн теңгелік 32 өтінім мақұлданды. Олар – «Шымкентмай» АҚ, «АГФ групп» ӨК» ЖШС, «Ал-Да-Сат» ЖШС, «МILLER&K» ЖШС, «Дани-Нан» ЖШС, ЖК «Абдукаримова Д.С», «Pioneer Grain Products» ЖШС, ЖК «Батыргиреева Э.Ф», «Grain Housse-555» ЖШС, «Қаракөз 2018» ЖШС, «Туран и К» ЖШС, «Turan» ЖШС, «Шымкент Кашемир» ЖШС, «Стандарт Цемент» ЖШС, «Зерде-Керамика» ЖШС, «ЮНИКС» ЖШС, «Tectum Engineering» ЖШС, «Shymkent Temir» ЖШС, ЖК «Усербаев», «Комили» ЖШС, «Asia Trafo» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «ЮжКаз-Азия Импекс» ЖШС, «Ақ бура-555» ЖШС, «Qazmetservice» ЖШС, «AgroFood Kazakhstan» ЖШС, «PHYTO-APIPHARM» ЖШС, «Шымкентский комбинат первичной обработки шерести» ЖШС.
Ал «Kazakh Export» экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ тарапынан 5,4 млрд теңгеге 3 кәсіпкерлік субьектісінен («Шымкентмай» АҚ, «AIIG KAZAKHSTAN» ЖШС және «Sweet ldeas-KZ» ЖШС) 4 өтінім мақұлданған.
Экспорттың басым бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей, Қырғызстан, Түркия және Қытай елдеріне тиесілі. Бүгінгі таңда қалада өңдеу өнеркәсібіндегі 54 кәсіпорын экспортқа тұрақты өнім шығарады. Олар тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсібінде, машина жасау, металлургия, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру және т.б. салаларда өнім өндіреді.
Жалпы, 2022 жылдың қаңтар-қараша айларының қорытындысы бойынша Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы 2 285,2 млн АҚШ долларды құрады. Оның ішінде экспорт – 793,6 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 15,5 пайызға өсті.