​Елімізде бір өңір «қызыл» аймаққа кірді

​Елімізде бір өңір «қызыл» аймаққа кірді

Елімізде коронавирустың таралуы бойынша бүгін Ақмола облысы «қызыл» аймаққа кірді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың мәлімдеуінше, Қазақстанда 7 өңір «қызыл» аймаққа кірген. Олар: Нұр-Сұлтан, Алматы қаласы мен Атырау, БҚО, Ақмола, Алматы және Ақтөбе облыстары.

Ал Шымкент қаласында 5 сәуір күні коронавирус жұқтырған 30 жағдай тіркелді. Оның 16-сі инфекциялық стационарға жатқызылып, 16 адам үй бақылауына алынды.

Қаладағы инфекциялық стационарларда 1380 орын қарастырылса, оның толымдылығы 26% құрап отыр. Инфекциялық стационарда 371 науқас емделуде, 1009 бос орын бар.

Айта кетсек, бүгінде «сары» аймақта - Шымкент және Қарағанды облыстары тұр, қалған 8 өңір «жасыл» аймақта орналасқан.