Инклюзивті экономика және әлеуметтік саясат. Жолдауда айтылған тұстар бойынша өзгерістер бар ма?

Инклюзивті экономика және әлеуметтік саясат. Жолдауда айтылған тұстар бойынша өзгерістер бар ма?

Бүгінде ел экономикасы, оның дамуы туралы ойланбайтын адам жоқ. Расында солай. Таксиге мінсеңіз, тіпті, сарапшылар таксистер ме деп қаласың... Шындығында, қордаланған мəселелер қоғамның өзегі саналатын салада баршылық. Мысалы, біз шикізатқа тəуелді елміз. «Бізде еңбек өнімділігі төмен, инновация жеткіліксіз. Ұлттық табыстың игілігін жұрт көріп отырған жоқ», деп Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2022 жылдың 1-ші қыркүйегінде халыққа арнаған Жолдауында нықты айтты. Оны шешудің нақты жолдарын да атады. Ол – макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономиканы əртараптандыру жəне цифрландыру. Шағын жəне орта бизнес пен заң үстемдігін орнықтыру да күн тәртібінен түскен емес.

Қасым-Жомарт Кемелұлы «экономикалық саясаттың негізгі мақсаты – сапалық жəне инклюзивтік тұрғыдан халықтың əл-ауқатын арттыру» екенін үнемі нақтылап келеді. Ол деген не? Таратып көрсек, жаңа экономикалық бағдардың басты басымдықғы – жеке кəсіпкерлік бастамаларын ынталандыру, яғни мемлекет экономикаға шектен тыс араласпауы керек. Бəсекелестікті дамытуда бəріне бірдей мүмкіндік берілсе, ұлттық табысты əділ бөлу принципі өздігінен орындалар еді. Бұдан келіп, біраз мәселелер шешімін табады. Біріншіден, бағаны əкімшілік жолмен реттеу дұрыс емес. Ол - салаларға инвестиция тартуға кедергі болады. Тауар тапшылығы туындай береді, бәріміз импортқа тəуелді боламыз. Қазірдің өзінде осы тұс ақсап тұр. Ет пен сүттен басқа, күнделікті тұтынатын азық-түлігіміздің дені қырғыз бен өзбек, беларусь пен ресейлік, украиндық, тіпті, польшалық тауарлар. Президент осы ретте монополистердің тарифтері де қатаң бақылауда болатынын меңзеген-ді. Бірақ бақылау орынды болуы керек деп ескертті. Өкінішке қарай, құрғақ, дақпырт сөз болып қалған тындырымсыз тірліктер байқалып қалуда.

Президенттің ерекше тоқталып өткен әлеуметтік саясатты жаңғырту тапсырмасына келсек, бұл саладағы басымдық денсаулық сақтау мәселесіне беріледі.   Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында бұған дейін де біраз реформа жүргізілді. Əрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. Дегенмен, салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналған. Соның кесірінен жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей  келеді. Бұрынғыға қарағандай, жағдай біршама түзелгенімен, жергілікті жерлерде прблемалы тұстар жеткілікті. Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген жəне сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген. Ал, сақтандыру моделі тұрақсыз екенін практика әлдеқашан көрсетіп берді. Жүйесіздік те байқалады. Сондықтан, ерікті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу қажет. Президент Тоқаев өз Жолдауында Үкіметке денсаулық сақтау саласын жəне жалпы əлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауды тапсырды.

Медициналық инфрақұрылымды кешенді түрде жақсартуға баса назар аудару керектігін баса айтты. Мемлекет пен жекеменшіктің серіктестігін тиімді пайдаланған жөн. Медицина – инвестиция тартуға қолайлы сала. Мысалы, соңғы мәліметтерге сүйенсек,  еліміздегі 650 елді мекенде емдеу мекемесі жоқ екен. Үкіметке бұл тұрғыда да осы олқылықты ретке келтіру бойынша нақты тапсырмалар берілді. Екі жылда ауылдарда медициналық жəне фельдшерлік-акушерлік бөлімшелер салынып, қажетті құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Сонда, әзірге бір миллионнан астам адам алғашқы медициналық-санитарлық көмекке зәру деген сөз. Оған қоса, аймақтарға инсульттен емдеу орталықтары, хирургия, жансақтау жəне оңалту бөлімдері ауадай қажет.

Заманауи жабдықтармен жұмыс істейтін білікті мамандар, бəсекеге қабілетті дайындау да өзекті мәселе күйінде қалып тұр. Меди- циналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар жəне клиникалар ашылатыны айтылды, алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді деген жоспар түзілді. Осының бəрі ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізсе деген тілек бар.

Оралбаева Зауре Әбдіхамитқызы,
журналист, қоғам белсендісі