ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ 250 ҮЙ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫНА ҚОСЫЛҒАН

ҚАЙНАРБҰЛАҚТАҒЫ 250 ҮЙ САПАЛЫ ЭЛЕКТР ЖАРЫҒЫНА ҚОСЫЛҒАН

Шымкенттегі Қайнарбұлақ тұрғын алабын сапалы электр жарығымен қамту мақсатында құрылыс жұмыстары былтыр қыркүйек айында басталған болатын. Бүгінгі күнге дейін істің 60%-ы атқарылды.

Нәтижесінде 250 үй сапалы жарықпен қамтылып отыр. "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС мамандары қалған үйлерді жаңа желіге қосу жұмыстарын жалғастыруда.

Осы жылдың қыркүйегіне дейін құрылыстар 100% аяқталып, бұл мәселе толық шешімін таппақ.

Айтып өтейік, шаһарда электрмен қамту деңгейі 97% пайызды құрап отыр.