ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫНЫНЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ

ҚАЛА ӘКІМІ ЖЫЛУ ҚАЗАНДЫҚТАРЫНЫНЫҢ ТЕМПЕРАТУРАСЫН КӨТЕРУДІ ТАПСЫРДЫ

Бүгін қала басшысы Мұрат Әйтенов Тұран шағын ауданына барып, «Қуатжылуорталық-3» мекемесіне қарасты қазандықтардың жай-күйін тексеріп, мамандарға жылыту температурасын көбейтуді тапсырды.

Тұран-1 шағын ауданындағы тұрғын үйлерді жылытатын қазандыққа 4 дана «BOSCH UNIMAT UT-18» маркалы жылыту қондырығысы орнатылған, қуаты сағатына 4,3Гкал. 25 көп қабатты тұрғын үй мен 20 заңды тұлғаларға қатысты ғимаратты жылумен қамтамасыз етуге қауқарлы.

«Тұран-2»-дегі 2 қазандыққа соңғы үлгідегі 5 дана «FS-DG-W-4000» және 5 дана «FS-DG-W-5000» маркалы құрылғылар орнатылған. Әрбірінің қуаттылығы сағатына 3,44Гкал/4,3Гкал. Қазіргі таңда 65 көпқабатты тұрғын үй жылумен қамтылып отыр.

Жылу саласына жауапты мамандармен пікір алмасып, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдаған М.Әйтенов бүгін түнде ауа рауының күрт суытуы күтілуіне байланысты қазандықтардың жылыту температурасын көтеруді, жылуды үздіксіз беруді нықтап тапсырды. Қазандыққа қатысты мәселелер туындаса, жедел шешуге қолдау көрсететінін жеткізді.