Бүгін AMANAT партиясы Шымкент қалалық филиалының кезектен тыс ХLVI конференциясы өтті. Конференция жұмысын филиал төрағасы Бахадыр Нарымбетов ашып, жүргізді.
Жиында күн тәртібіне сәйкес AMANAT партиясының Шымкент қаласы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының жобасы бекітілді. Партиялық тізім және бірмандаттық сайлау округтері бойынша сайланатын Шымкент қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың тізімі таныстырылды.
Конференция жұмысына партия филиалы Саяси кеңесінің мүшелері, партия ардагерлері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, «Жастар Рухы» жастар қанатының мүшелері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында AMANAT партиясының 30 мыңға жуық мүшесі бар.