Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
–Біз бауырлас елдердің жастарына Түркістан қаласында орналасқан «Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік» университетінде бакалавриат бағдарламасы бойынша білім алуға 50 грант бөлуге дайынбыз, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
Басқосу барысында ел Президенті Ұлы түркілер білім беру қорын құру бастамасын көтерді.
⠀
–Білім беру саласындағы ынтымақтастық - болашақтағы табысты серіктестіктің негізгі факторы. Осы ретте ортақ мәдени-ағартушылық кеңістік қалыптастырған жөн. Сол арқылы жастардың заман талабына бейімделуіне жол ашылады. Оны Ұлы түркілер білім беру қорын құру арқылы жүзеге асыруға болар еді», – деді Президент.
⠀
Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, қор жоғары оқу орындары арасында академиялық ұтқырлық, тағлымдамадан өту, біліктілікті арттыру сынды жұмыстарды үйлестіреді.
⠀