Коронавирусқа шалдыққандар санының өсімі бойынша өкінішке қарай, Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Павлодар облысы алда тұр, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметінше, Қазақстанда өткен тәулікте 804 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР тест арқылы анықталды.
Ал Шымкент қаласында 3-наурыз күні COVID-19 ауруының 52 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 42 симптомды, 10 симптомсыз жағдай.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық.
Айта кетейік, Шымкентте бүгінге дейін инфекцияны жұқтырудың 6 235 жағдайы тіркелді. Аурудан толық айығып шыққандардың саны - 5 577.
Медицина мамандары сақтық шараларын мейлінше күшейтіп, карантин талаптарын ұстануға шақырады.
Фото: ашық дереккөз