Қазақстанда вакцина далада салынатын болды

Қазақстанда вакцина далада салынатын болды

Вакцина салуға сауда орталықтары, емханалар мен емхананың ауласы қолданылады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният онлайн баспасөз маслихаты барысында айтты.

Вице-министр ірі қалаларда вакцина салу қалай ұйымдастырылатынын айтты.

- Күн жылы өңірлерде емханалардың алдына уақытша вакцина салатын орындар жасақтаймыз. Қазір министрліктің тарапынан уақытша вакцина салатын орынға қойылатын талаптар бекітіліп жатыр. Адам саны көп аймақтарда емханаларда, емханалардың алдында, басқа да медициналық ұйымдарда вакцина салынады. Үлкен мегополистерде сауда орталықтарында да егу бөлмелері ұйымдастырылады. Ең бастысы вакцина тұрақты температурасы сақталған, салқын жерде сақталып, жеткізілетін болады, - дейді Ажар Ғиният.