Коронавирусқа қарсы отандық Qaz Covid-in вакцинасына бірқатар ел қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді.
– Қазақстанда вакцина шығаратын дәстүрлі зауыт болған жоқ. Пандемия келгенде белсенді жұмыс басталды, қазір алғашқы қазақстандық вакцина зауытының құрылысы аяқталып қалды. Вакцинаны ілгерілету үшін клиникалық зерттеулердің толық нәтижесін алу керек, өйткені барлық елдер бірінші кезекте клиникалық зерттеу параметрлерін сұрайды, оның тиімділігін тексереді, содан кейін өтінім береді. Қазір де біздің өнімге қызығушылық танытқан елдер бар, бірақ олардың барлығы клиникалық зерттеулердің нәтижесін күтуде, - деді министр.
Бұл ретте Алексей Цой отандық вакцинамен бірінші кезекте Қазақстан нарығы қамтамасыз етілетінін, өз қажеттілігімізді толтырмайынша сыртқы нарыққа шықпайтынын айтты.