Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты аязға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап.
Шымкентте күндіз жаңбыр жауады, түнде бұлтты. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 13-14 наурызда кей жерлерде секундына 15-20 метр болады, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. 13 наурыза күндіз ауа температурасы 16-21, кей жерлерде 6-11 градус, 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0-5 градус аяз болады.
Бүгін Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-шығыстан жел түнде секундына 15-20 метр, күндіз 15-20 метр, кей жерлерде секундына 23-28 метр жылдамдықпен соғады.
Қызылордада 13 наурызда солтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр жел соғады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
13-14 наурызда Жамбыл облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. 13-15 наурызда кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. 13-15 наурызда кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метр, 13-14 наурызда екпіні секундына 23-28 метр болады.
Таразда 13 наурызда күндіз қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. 13-15 наурызда тұман, көктайғақ күтіледі. 13-14 наурызда оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр, кейде секундына 23 метр жел соғады.
13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысында ауа температурасы 13-16-дан 25-30 градусқа дейін төмендейді, кей жерлерде 22 градус аяз болады.
12-14 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-шығыс желіне ауысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр болады. Ауа температурасының күрт төмендейді, минус 2-7-ге дейін, кей жерлерде 10-нан 20-25 градус аязға дейін, кей жерлерде 30, облыстың оңтүстігінде 15 градус аяз болады. 13 наурызда қар көп жауады.
13-14 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 13-14 наурызда кей жерлерде секундына 15-20 метр болады, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді. 13 наурыза күндіз ауа температурасы 16-21, кей жерлерде 6-11 градус, 3-8 градус жылы, кей жерлерде 0-5 градус аяз болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде бұрқасын болады. 13 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр болады. 11-13 наурыз аралығында ауа температурасының күрт төмендейді, 7-12 градустан, кей жерлерде 16 градустан 22-27 градус аязға дейін, кей жерлерде 30 градус аяз болады.
Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі. 11-13 наурыз аралығында ауа температурасы 10-15-тен, кей жерлерде 22-27 градус аязға дейін күрт төмендейді, кей жерлерде 30 градус аяз болады.
Қостанай облысында 11-13 наурыз аралығында ауа температурасы күрт төмендейді, 10-15 градустан, кей жерлерде 18 градусқа дейін, кей жерлерде 20-25-28 градус аяз болады.
13 наурызда Ақтөбе облысында ауа температурасы 15-20-дан 22-27-ге дейін күрт төмендейді, кей жерлерде 30 градус аяз болады.