КӨЛІК ШИНАСЫН АУЫСТЫРМАҒАН 298 ЖҮРГІЗУШІГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

КӨЛІК ШИНАСЫН АУЫСТЫРМАҒАН 298 ЖҮРГІЗУШІГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

Бүгінде жол жүру қауіпсіздігі өзекті мәселелердің бірі.

Шымкент қалалық Полиция департаментінің мәліметіне сәйкес, қыс айларында жазғы шинамен жүрген 298 жүргізушіге Әкімшілік кодекстің 590-бабымен 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Олардан өндірілетін сома 912 мың 774 теңгені құрап отыр.

Жалпы қар жауған кезде орын алған жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері де осы, яғни жүргізушілер жауапкершілік танытпай, қыстық шиналарын өз уақытында ауыстырмайды. Ал кейбір шиналар стандартқа сай емес. Бұл өз кезегінде жол қауіпсіздігін бұзуға әкеп соғуда.

Салдарынан жүргізушілер өздеріне материалдық шығын келтіргеннен бұрын, өзгелерге зиянын тигізуде.

Соңы қайғылы жағдайға душар етпесін десек, жол жүру қауіпсіздігін сақтайық!