Шымкентте тазалық мәселесі қашанда өзекті. Бұл ретте тазалық сақтап, көшеге қоқыс тастамау қажеттігін тұрғындарға түсіндірудің маңызы зор.
Осы мақсатта Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімінің аппаратының мамандары және Экологиялық полициямен бірлесіп рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Түркістан көшесі бойындағы кәсіпкерлік нысандарға қоқыстарды көшеге шығармау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қоқыс қалдықтарын көшеге шығарған 4 кәсіпкерлік нысанға 434 бап бойынша айыппұл салынды.