С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эндокринология кафедрасының меңгерушісі Жангентхан Абылайұлы «Хабар 24» телеарнасына сұхбатында осылай деді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Білікті маман бұл бүгінгі күні жаңадан басталып келе жатқан жағдай екенін және оны түйіндеу үшін әрі қарай зерттеуді қажет ететінің алға тартқан.
- Қант диабетімен ауыратын науқастар саны Қазақстанда жылдан жылға өсіп келеді. Бір жағынан диабетпен ауыратын адам короновирус жұқтырған жағдайда оның жағдайы ауырлауы, тіпті өміріне қауіп төнуі мүмкін. Екінші жағынан коронавирустың әсерінен қант диабетімен ауыратындар да көбеюі мүмкін. Оны бүгін ешкім жоққа шығара алмайды. Ғылыми жұмыстар коронавирустан кейін ұйқы безінің жұмысы бұзылып, адам қант диабетіне шалдығуы мүмкін екенін көрсетіп отыр. Бұл бүгінгі күні жаңа басталып келе жатқан нәрсе, оны түйіндеу үшін әрі қарай зерттеу керек, - дейді кафедра меңгерушісі.
Айта кетсек, өткен тәулікте Қазақстан бойынша 2 077 адам вирус жұқтырған. Оның ішінде 96-сы Шымкент қаласының тұрғындары. Қала берді 77 адамнан короновирусты пневмония тіркеліп отыр.