Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Р.Мыңбаев арнайы брифингте айтты.
Әл-Фараби - Шымкенттің орталық ауданы болғандықтан, тұрғындарға барынша жағдай жасалынған. Ауыз сумен 98%, электр жарығымен 96,5%, табиғи газбен 99,5%, кәріз жүйесімен 87% қамтылған.
“Ағымдағы жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланып, бүгінде аяқталуға жақын. Аудандағы 404 көшенің 124-і жарықтандырылды”,-деді Р.Мыңбаев.
Биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар ойын алаңшасы мен 9 спорт алаңшасы орнатылатын болады.
Ауданның басты көшелерін (102 көше) көріктендіру-көгалдандыру, ағаштарды және гүлдерді күтіп ұстау, санитарлық қырқу, ағаш түптерін әктеу, жасыл желектерді ретке келтіру, суғару, өсік шөптерді ору жұмыстары бойынша мердігер мекеме «Build stroi» ЖШС тарапынан жұмыстар атқарылуда.
Жыл басынан бері мердігер мекеме тарапынан басты көшелердің бойына 3 300 дана ағаш көшеті отырғызылса, жоспарға сәйкес жыл соңына дейін тағы 6 мың данасын қондыратын болады.