«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалында «Шымкент - қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қоры қамқоршылық кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жиынға Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ж.Бектаева қатысты.
Кездесуде «Шымкент - қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қорының директоры Дәуренбек Қурбаниязовтың 2020 жылы атқарылған жұмыстар бойынша есебі тыңдалып, биылғы жылға жоспарлар нақтыланды.
Жиын соңында «Nur Otan» партиясы «Шымкент - қайырымды қала» әлеуметтік даму корпоративтік қорымен ынтымақтастық пен серіктестік жөніндегі меморандумға қол қойды.
Меморандумның мақсаты - партияның «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек» және «Ардагерлерді ардақтайық» жобалары аясында әлеуметтік мәселелер негізінде қоғам өмірін жақсарту.