​Маржан Әкімжанова ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

​Маржан Әкімжанова ҚР Президентінің кеңесшісі болып тағайындалды

Бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен бірқатар тағайындаулар орын алды, деп хабарлайды Shymkentaqparat Akorda.kz-ке сілтеме жасап

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының өкімімен Маржан Әбдіюсупқызы Әкімжанова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ,Мемлекет басшысының өкімдерімен:

Ермек Әшімханұлы Оспанов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының бірінші орынбасары лауазымына;

Жеңіс Фарахатұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына;

Ұлан Ермұханұлы Раисов Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.