Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қатысты кездесу өтті

Медициналық-әлеуметтік сараптамаға қатысты кездесу өтті

Шымкенттегі «SHANYRAQ» орталығына келуші тұрғындардан тұрғындардан медициналық-әлеуметтік сараптама жөнінде көптеген сұрақтар түскен. Осыған орай орталығында ЕӘҚжКҚК қалалық департаментінің бөлім басшысы Сырым Шонанов қоғамдық қабылдау өткізді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Департамент өкілі тұрғындарды жеке қабылдап, орталық мамандарымен осы мәселені бірлесе шешу жолдарын қарастырды.

Кездесуде мүгедектік тобын ауыстыру, тегін берілетін бір реттік жөргектердің санын көбейту, мүгедек баланы оңалтуға апару мен емханадан тиісті анализдерге жолдама алу секліді сұрақтарға жауап берілді.

Айта кетейік, қоғамдық қабылдау барлық санитарлық талаптарға сай өтті.