​Мешіттерде уақытша Жұма намазы оқылмайды

​Мешіттерде уақытша Жұма намазы оқылмайды

Шымкент қаласындағы мешіттерде карантин жағдайына байланысты Жұма намазы уақытша оқылмайды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдурахманов мәлімдеді.

- Мұсылман қауымының жеке құлшылық жасауына, құран оқытып, неке қидыруына болады. Карантин талаптарын сақтау үшін жамағатпен оқылатын жұма намазы уақытша оқылмайды. Бұл – сіз бен біздің, өз отбасымыз бен ең жақын туыстарымыздың денсаулығы мен өмірінің игілігі үшін қабылданған шара. Тек жекелеген түрде намаз оқуға рұқсат етіледі. Мешітте болу уақыт ұзақтығы 15 минут және намаз оқушылардың арақашықтығы 1,5 метр болуы керек, - деді бас имам Бақдәулет Абдрахманов.

Жалпы Шымкент қаласында 106 мешіт бар.

Айта кетейік, кеше ғана қаламыздағы карантиндік шектеу шаралары 22 ақпанға дейін ұзартылған болатын.