Бүгінгі таңда Шымкентте 60 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесі қызмет көрсетеді. Оның 13-і мемлекеттік медициналық ұйым болса, қалғаны жекеменшік. Емханаларға тіркелген халық саны 1 264 541 адамды құрайды.
Тұрғындарға медициналық қызмет көрсетіп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде етене жұмыс жүргізетін де осы мекеме қызметкерлерінің еншісінде. Сол себепті әрдайым алдыңғы шепте жүретін медицина қызметкерлеріне МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістер туралы мәліметті жеткізіп, ақпараттандыру аса маңызды болмақ.
Емхана қызметкерлерін ақпараттандыру және халық игілігі үшін ортақ істе өзара әріптестік ынтымақтастық орнату мақсатында ӘМСҚ Шымкент қаласы филиалының халықты ақпараттандыру және арыз-шағымдарды қарау бөлімінің басшысы Ахмет Беден қаладағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерін аралап, түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Қалалық №5 және №13, «Атамекен» медициналық орталығы, «Асем» клиникасында өткен кездесулерде Қор филиалының өкілі медицина қызметкерлерінің қызмет барысында жиі кездесетін сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелер талқыланды. Тараптар қызмет сапасын жақсартуға байланысты ұсыныс-тілектерін де білдірді.
Жалпы, МӘМС туралы заңға енгізілген өзгерістерді түсіндіру бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары қаладағы барлық алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемелерінде жүргізілуде. Кездесулерде сондай-ақ, аймақтық үздік емхананы анықтау бойынша байқау шарттары түсіндірілді.
#әмсқшымкент #мәмсшымкент