№3 қалалық ауруханаға бас дәрігер тағайындалды

№3 қалалық ауруханаға бас дәрігер тағайындалды

Сарсен Пернебеков №3 қалалық ауруханаға бас дәрігер болып тағайындалды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бас миы және жұлынға ота жасайтын білікті нейрохирург еңбек жолын алғаш 1998 жылы қалалық жедел жәрдем ауруханасындағы жансақтау бөлімінің дәрігері болып бастаған.

2004 жылы нейрохирург дәрігер қызметіне ауысып, инсульт алған науқастарға күрделі ота жасай бастаған.

Ал 2013 жылы жедел жәрдем ауруханасында бас дәрігердің медицина қызметінің сапасын бақылау жөніндегі орынбасары қызметіне тағайындалған.

2018 жылдың желтоқсан айынан бастап Сарсен Пернебеков №2 қалалық ауруханаға бас дәрігер болып тағайындалды. Бас дәрігерлік қызметпен бірге Шымкент қаласының бас нейрохирургі қызметін қоса атқарған. Білікті басшы аурухананың емдеу мүмкіндігін арттыруда аянбай еңбек етіп, оң жетістіктерге қол жеткізді.

Айта кетейік, бүгінге дейін алтын қолды нейрохирург Ресей Федерациясында, Белорусь Республикасында нейрохирургия мамандығы бойынша біліктілігін арттырған, ауыр жағдайда ауруханаға түскен 1000-нан аса науқасқа күрделі ота жасап, ажалдан арашалап қалған.