​ОНЛАЙН САУАЛНАМАҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

​ОНЛАЙН САУАЛНАМАҒА ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ!

Қазіргі жағдайда қалалар экономикалық дамуды қамтамасыз етуде және халықтың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарады. Инвестицияларды, инновацияларды, адами капиталды және инфрақұрылымды дамыта отырып, қалалар өз өңірлерінің "өсу нүктелеріне" айналды. Қазақстанда урбанизация процесі жоғары қарқынмен дамып келеді: халықтың көбі өмір сүру жағдайларын, өзін-өзі жүзеге асыру және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін іздеп қалаларға көшіп жатыр. Тек соңғы 10 жылда елдегі урбанизация деңгейі 57,7%-дан 63,0%-ға дейін өсті, ал қала халқы 2,5 миллион адамға артты.

Урбанизацияның жылдам қарқыны, бір жағынан, дамудың жаңа мүмкіндіктерін ашады, ал екінші жағынан, қалалар үшін қосымша сын-қатерлерді қалыптастырады: инфрақұрылымға, денсаулық сақтау және білім беру жүйелеріне түсетін жүктеме күшейеді, сапалы тұрғын үйге, көлікке, жұмыс орындарына және қолайлы қалалық ортаға деген қажеттілік артады.

Осыған байланысты қалаларды халық санының өсуіне дайындау, қалалық ортаның сапасын және халықтың өмір сүру жайлылық деңгейін арттыру міндеті ерекше өзекті болып отыр. Осы саладағы мемлекеттік саясатты тиімді жоспарлау және іске асыру үшін тұрғындардың өздері өмір сүру жағдайларын қабылдау туралы сенімді және объективті ақпаратқа ие болуы қажет.

Қазақстан қалаларында өмір сүру сапасын жақсартуға жәрдемдесу мақсатында "Экономикалық зерттеулер институты" АҚ (бұдан әрі - Институт) Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп жыл сайын Қалаларда өмір сүру сапасының мерзімді ұлттық рейтингін (бұдан әрі - Рейтинг) әзірлейді.

Рейтинг экономика мен бизнестің дамуын, адами капиталды және инфрақұрылымның жай-күйін кешенді бағалауды қамтиды. Ол статистикалық деректерді талдау және әлеуметтік сауалнамалардың нәтижелері негізінде дайындалады.

Рейтинг — бұл әр қаладағы өмірдің әртүрлі аспектілері туралы - қалалық орта мен қоғамдық кеңістіктердің жағдайынан бастап көлік, білім беру, денсаулық сақтау және цифрландыру мәселелеріне дейін біртұтас түсінік алуға мүмкіндік беретін тиімді құрал. Алынған мәліметтер халықтың өмір сүру сапасына әсер ететін факторлардың егжей-тегжейлі талдауын ұсынады. Бұл, өз кезегінде, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына күш-жігерді неғұрлым маңызды бағыттарға шоғырландыруға мүмкіндік бере отырып, бәсекелестік артықшылықтарды да, дамудың мәселелік нүктелерін де анықтауға ықпал етеді.

Ағымдағы жылы Институт Рейтингті дайындау шеңберінде 2025 жылғы шілде мен қыркүйек аралығында қала тұрғындарына онлайн-сауалнама жүргізуді жоспарлап отыр.

Әлеуметтік сауалнама қала өмірінің негізгі аспектілерін, соның ішінде білім беру және медициналық қызметтердің сапасын, инфрақұрылымның жай-күйін, экологияны, көлікке қолжетімділікті және басқа өлшемшарттарды қамтиды. Тұрғындардың пікірлері қалалық ортаның күшті және әлсіз тұстарын анықтауға және оны жақсарту үшін негізделген шараларды әзірлеуге көмектеседі.

Халықтың пікірін жинау өмір сүру сапасын объективті бағалауды қалыптастыруға және Сіздің қалаңызды одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін басым бағыттарды айқындауға мүмкіндік береді.

Қазақ тіліндегі онлайн-сауалнамаға сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSeGROUuTT...