«Ордабасы» жаңа маусымға дайындығын бастады

«Ордабасы» жаңа маусымға дайындығын бастады

«Ордабасы» ФК-ның алғашқы оқу-жаттығу жиыны басталды, деп хабарлайды shymkentaqparat

Алғашқы жиында команда ойыншыларының физикалық дайындығын жақсарту жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда жасыл алаңда жаттығып жүрген жергілікті аяқ доп шеберлерінің тізімі жарияланды.

Шабуылшылар: Тоқтар Жаңғылышбай, Зикрилло Султаниязов, Мадижан Айтбаев, Жавланбек Бабаназаров.

Жартылай-қорғаушылар: Самат Шәмші, Эльхан Астанов, Максим Ваганов, Аслудин Хаджиев, Мухит Жақсылық, Омар Нұртаев, Бағдат Жиенбай, Даниэль Мауленов, Аскат Ермекуулы, Муроджон Халматов.

Қорғаушылар: Пабло Фонтанелло, Мардан Төлебек, Талғат Адырбеков, Дамир Даутов, Тимур Досмағамбетов, Ұлар Жақсыбаев, Сағадат Тұрсынбай, Бағдат Қайыров, Бекнұр Рысқұл, Нұрали Мамырбаев, Қанат Әшірбай, Ерік Жарылқасын, Асылжан Бұлғақбаев.

Қақпашылар: Бекхан Шайзада, Владимир Плотников, Қажымұқан Төлепберген, Игорь Трофимец.

Александр Седневтың шәкірттері Шымкентте 29-қаңтарға дейін болып, одан кейін екінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанады.

Естеріңізде болса, жақында ғана «Ордабасы» футбол клубына бас бапкер болып Александр Седнев тағайындалған еді.