Полицейлерді ковидке қарсы вакциналау басталды

Полицейлерді ковидке қарсы вакциналау басталды

Шымкентте полиция департаменті қызметкерлерін ковидке қарсы вакциналау жұмыстары басталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Тәртіп сақшыларына екпе егу жұмыстары жергілікті тіркелген емханаларында жүргізілуде.

Полицейлерді вакциналау үшін 21 алғашқы медициналық-санитарлық көмек мекемелерінде арнайы кабинеттер дайындалған.

Айта кетейік, полиция департаменті қызметкерлеріне отандық «Гам-Ковид-Вак» вакцинасы салынуда.

Егу науқанын сапалы өткізу үшін мыңнан аса медицина қызметкері дайындық курсынан өтті. Вакциналау ерікті негізде жүргізіледі.