​Президент дәрігерлерге жанкешті еңбегі үшін алғысын білдірді

​Президент дәрігерлерге жанкешті еңбегі үшін алғысын білдірді

Бұл жөнінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

–Бүгін Дүниежүзілік денсаулық күні. Қазіргідей қиын кезеңде денсаулық сақтау саласының тиімді жұмысы – адамзат өмірінде қаншалықты маңызды екенін көрсетті. Пандемияның алғашқы күнінен бастап медицина қызметкерлері адам өміріне араша түсіп, коронавирусқа қарсы күрестің алдыңғы шебінде жүр.

Қолжетімді және сапалы медицина жүйесі – жалпыұлттық басымдық. 2020 жылдан бастап медицина саласын қаржыландыру 1,5 есеге көбейді. 2021 жылы 1 қаңтардан бастап сала қызметкерлерінің жалақысы көтерілді. Азаматтардың денсаулығын қорғаудағы жанкешті еңбегі үшін дәрігерлерге ризашылығымды білдіремін, - деп жазды Тоқаев.