Қазақстандық "QazCovid-in" вакцинасы енді Түркияда құйылады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ өткен брифингке айтты.
–Бүгінде Түркия мен Қазақстан арасында жасалған келісім бар. Түрік елінде вакцина жоқ болғанымен ауқымды өндіріс алаңдары көп.Онда вакцина құтыға құйылады. Ал вакцинаның өзі Қазақстанда жасалады,-деді Ералы Лұқпанұлы.
Премьер-министр орынбасарының айтуынша, "QazVac" вакцинасын жасап шығарған Биологиялық қауіпсіздік институты базасы бір айда 50 мың доза шығаруға қауқарлы. Бірақ ірі көлемде өндіруге өндірістік қуаты жетпейді. Ал Жамбыл облысындағы зауыттың құрылысы әлі аяқталмаған. Отандық вакцинаны көбірек шығару мақсатында шетелдік өндірушілермен келіссөз жүргізіліп,Түркия қазақстандық екпені шығаруға келісім берді.
–Қазақстан 25-27 сәуірде отандық вакцинаның алғашқы 50 мың дозасын алып, негізгі хабтарға жеткізеді. Олар Ақтөбе, Алматы, Шымкент пен Нұр-Сұлтанда орналасқан. Ал маусым айында ірі кәсіпорындардың арқасында вакцина санын 500 мың дозаға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Ералы Тоғжанов өткен онлайн брифингте.