ШАҺАР БАСШЫСЫ БҮЛДІРШІНДЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

ШАҺАР БАСШЫСЫ БҮЛДІРШІНДЕРДІ МЕРЕКЕМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов «Восток» шағын ауданы, №7Б мекен жайында орналасқан «Арнайы балар үйінің» жұмысымен танысып, жаңа жыл меркесіне орай балаларға сыйлықтар табыстады.

Бүгінгі таңда аталған мекемеде «Емдік дене шынықтыру», «Монтессори» бөлімі жұмыс атқарады. Сонымен қатар «Үйдегідей» жобасы іске асырылуда.

Шаһар басшысы балалар үйінің мерекеге сай безендірілген акт залында Жаңа жылдық шараға қатысып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың құттықтауын жеткізді. Шарада, Мұрат Дүйсенбекұлы, Ақшақар, Аяз ата және тағы басқа да ертегі кейіпкерлерімен бірге балаларға жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.

Шара барысында балалар қуанып, Аяз ата мен Ақшақарды ортаға алып шыршаны айнала би билеп, ән айтып, суретке түсті.