Сақтық шаралары ғана қауіпті індеттен құтқарады

Сақтық шаралары ғана қауіпті індеттен құтқарады

Шымкент қаласында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына мониторинг жүргізетін 22 мобильдік топ жұмыс атқаруда, - деп хабарлайды Shymkentaqparat

Мобильдік топ 1 сәуір күні 356 нысанға тексеру жұмыстарын жүргізді. Оның шінде 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы анықталып, әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, қалада өткен тәулікте КВИ-дің 96 жағдайы тіркелді. 60 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 36 адам үй бақылауына алынды.

Қазіргі таңда қаладағы эпидемиялогиялық жағдай тұрақсыз. Инфекцияға шалдыққан науқастар саны күн санап артуда.

Осы орайда инфекцияның таралуын болдырмау мақсатында сақтық шараларын қатаң ұстану қажеттігін ескертеміз. Арақашықтықты сақтап, бетперде тағып, адам көп шоғырланған орындарға бармай, сақтық шараларын ұстануға шақырамыз.Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқаспен байланыста болған азаматтар үйде отырып, карантин талаптарын ұстауы тиіс. Қажет жағдайда жергілікті емхана мамандары науқаспен байланыста болған азаматтарға еңбекке жарамсыздық қағазын ашып береді.

Қазіргі таңға мамандандырылған инфекциялық стационарларда барлығы1380 орын бар (қалалық инфекциялық орталық -5 60, Атамекен клиникасы - 500, ЖШС «14 емдеу орталығы» - 320 орын), төсек орын толымдығы 22%-ды құрайды, 1067 төсек орын бос.

Фото: Самат Мырзалиев