«Шексіз әлем» атты шығармашылық коцерті өтті

«Шексіз әлем» атты шығармашылық коцерті өтті

Бүгін Шымкент қалалық Жастар ресурстық орталығында көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтардың «Шексіз әлем» атты шығармашылық коцерті өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қайырымды шараға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан бастаған мемқызметкерлер мен зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

"Шымкент – шынында да «қайырымды қала». Эстрада әншісі, «X-factor - 2015» тележобасының жеңімпазы Астана Қарғабай аталған «мүмкіндігі шектеулі» азаматтарға 5 ай бойы тегін, әрі ерікті түрде вокалдан сабақ берген. Бүгінгі концерт – сол еңбектің нәжижесі", - дейді концерт ұйымдастырушылары.

Бұл концерттің мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандардың шығармашылық қабілетін шыңдау, әрі оларға қолдау көрсету және өмірге деген құштарылығын арттыру.