«SHANYRAQ» отбасы институтын қолдау орталығында ашық есік күні өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Республикалық медиаторлар қауымдастығы» Президенті Нұрбала Оразқұлова, медиатор Бағила Жұмабаева мен «ADILET GROUP» заңгерлік орталығының мамандары қала тұрғындарымен кездесіп, насихат жұмыстарын жүргізді.
Кездесуде кәсіби медиаторлар тұрғындардың ана мен бала құқығы, ажырасу, алимент сынды отбасылық сұрақтарына жауап берді.
Жиын соңында «SHANYRAQ» Отбасы институтын қолдау орталығы мен «Республикалық медиаторлар қауымдастығы» әлеуметтік осал топқа жататын азаматтарға құқықтық жәрдем беру мақсатында бірлесе жұмыс жүргізу бойынша екіжақты меморандум жасау туралы келісімге келді.