Қорғаныс әскерлері бригадасында отбасылық құндылықтарды нығайту мақсатында «Анам, әкем және мен – спорттық отбасы» байқауы өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Әскери қызметшілердің отбасылары түрлі қызықты және серпінді байқауда бақ сынасты.
Жарыстар эстафета форматында өткізілді. Бірінші кезеңде барлық командалар гірмен, гимнастикалық секіртпемен және футбол доптарымен жаттығулар жасап жарысты. Әрі қарай, аналарға бәрінен де ауыр болды, өйткені олар жалпы әскери қорғаныс костюмін комбинезон түрінде киіп қашықтыққа әрі уақытқа жүгірді, ал әкелер ағашаяқпен жүру сайысында өздерін цирк әртістері сияқты сезінді.
Сонымен қатар командалық сайыстардан бөлек, жеке байқау да өткізілді. Мысалы, аналар қашықтық пен дәлдікке жаттығу гранаталарын лақтыра отырып, дәлдік пен күш жағынан өзара жарысса, әкелер бұл уақытта пышақтарды лақтырып, бойлы фигураны шаншып алуға тырысып, ас үйдің тіршілігіне қатысын көрсетті.
Жас қатысушылар балалардың мергендігін, ептілігін, сондай-ақ қолдарының моторикасын дамытатын «Асық ату» ойынында жарысты.
Отбасылық-спорттық мереке арқан тартумен аяқталды, оған жанкүйерлер де, ұйымдастырушылар да қатыса алды.
Байқау қорытындысы бойынша төрешілер әр отбасы жинаған баллдарды санау арқылы үздіктерді анықтады. Жарыс жеңімпазы Субикиндер отбасы болды, екінші үшінші орындарды Арзанбековтар мен Байбековтар отбасылары бөлісті.