Шымкентте бүгінге дейін 9598 азаматқа КВИ-ге қарсы«Спутник V» вакцинасы салынды. Екпе егілгендердің басым бөлігін медицина мамандары құрап отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Қалада қазір созылмалы ауруы бар диспансерлік есепте тұрған азаматтарға вакцина салынуда. Екпе егу жұмыстары жергілікті тіркелген емханаларда жүргізіліп жатыр.
Медицина мамандарының сөзінше, созылмалы ауруы бар науқастардың ковид жұқтыру қауіпі өте жоғары. Олардың дені бұл індетті ауыр өткереді. Сондықтан инфекциядан сақтанудың бірден бір жолы - вакцина салу.
Айта кетсек, қалаға бүгінге дейін 29 400 доза COVID-19-ға қарсы вакцина жеткізілді.
Фото: Ашық дереккөз