СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ КӨПШІЛІК НАЗАРЫНА ҰСЫНЫЛДЫ

М.Өтебаев атындағы жоғары жаңа технологиялар колледжінде «Жұмысшы мамандықтар жылы» мен «Құрылысшылар күніне» орай студенттердің шығармашылық көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – құрылыс саласындағы мамандықтарды насихаттап, олардың беделін арттыру, кәсіби бағдар беру және тәжірибелік жұмыстар арқылы мамандықтардың мазмұнымен жақын таныстыру.

Іс-шараға қатысушыталапкерлер, оқушылар құрылыс бағытындағы мамандықтармен практикалық тұрғыда танысты. Колледж директорының орынбасары Айсұлу Дәуренбаеваның айтуынша, мұнда құрылыс саласы бойынша 3 мамандық бойынша кадрлар даярланады.

Бүгінгі көрмеде студенттердің дипломдық, жалпы шығармашылық жұмыстары көпшілік назарына ұсынылды. Мектеп оқушылары, қала қонақтарына арнап, сылақ сылау, кірпіш қалау, плиткамен қаптау бойынша арнайы алаңдар дайындалды. Онда оқушылар өз қабілеттерін байқап көрді. Тәжірибелік бағыттағы көрмелер оқушыларға кәсіби бағдар беруге өз септігін тигізбек.

Айта кетсек, аталған колледж 1969 жылы құрылған. Содан бері құрылыс саласы мамандарын даярлап келеді. Оқу орны түлектері бүгінде республика көлемінде қызмет етіп жүр.

«Шымкент келбеті»