Бүгін Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Respublica» партиясының Шымкент қаласындағы әйелдер қанатының облыстық филиалы бірлесе отырып, жаңа оқу жылы қарсаңында «Мектепке жол» акциясын өткізді.
Іс-шара «Достық үйінде» өтті. Балаларды аниматорлар көңілді бағдарламамен қарсы алып, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Салтанатты жиынды жүргізуші ашып, қонақтар мен қатысушыларға жүрекжарды тілектерін жеткізді.
Шараға «Respublica» партиясының Шымкент қаласындағы әйелдер қанатының облыстық филиалының төрайымы Нилуфар Сайдуллаева, ҚХА жанындағы қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева, сондай-ақ партия мүшелері мен қоғам белсенділері қатысты.
Акция аясында 70-тен аса оқушыға мектепке қажетті құрал-жабдықтар табысталды. Балалардың қуанышын бөлісуге арнайы шақырылған аниматорлар би мен ойын ұйымдастырып, мерекелік шараны шаттыққа бөледі.
— «Бала қуанса – әлем қуанады. Бүгінгі шара арқылы балаларға қамқорлық пен мейірім сыйлау – бәріміздің ортақ міндетіміз. Бұл – болашақ ұрпаққа жасалған инвестиция», – деді ҚХА жанындағы қалалық Аналар кеңесінің төрайымы Гүлжан Сүгірбаева
Салтанатты жиын соңында балаларға арнап сыйлықтар табысталып, оқу жылына сәттілік тіленді.
Қоғамдық келісім баспасөз қызметі
#ҚХА30жыл #30летАНК #30қайырымды_іс #Шымкент #Shymkent #конституция30жыл #атазаңға30жыл #АтаЗаңымАйбыным #ҚХА30жыл