​«Шымкент ақпарат» орталығы ұжымы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

​«Шымкент ақпарат» орталығы ұжымы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты

Шымкент ақпарат орталығы ЖШС-на қарасты «Шымкент келбеті» және «Панорама Шымкента» газеттерінің қызметкерлері республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына атсалысты.

Шара барысында журналистер мен қызметкерлер көше жиегін тазалап, қоқыстарды жинады. Акцияға барлығы 20-ға жуық тілші мен қызметкер қатысып, қоршаған ортаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.

Бұл бастама ұжымның табиғатты қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастырудағы азаматтық жауапкершілігінің айқын көрінісі болып отыр.