ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАРЫ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Орал қаласында 4-11 қаңтар аралығында волейболдан 2004-2005 жылы туған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Дүбірлі додада ел аймағынан іріктелген сегіз команда бақ сынады.

Жарыстың қорытындысы бойынша ең мықты деген командалар арасынан Шымкент қаласының жас спортшылары топ жарып, 1 орынды иеленді. Қызылорда облысының командасы 2 орын, Батыс Қазақстан облысының командасы 3 орын, Жамбыл облысы 4 орын алды.

Айта кетейік, енді шымкенттік волейболшылар Диярбек Икрамом, Нұрмахан Алиханов, Муроджан Хавазматов Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасы командасымен Азия чемпионатында өнер көрсететін болады.

Жерлестерімізді жеңісімен құттықтамыз!