Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз брифингінде Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қайырбек Құнанбаев баяндады, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
– Мәслихат депутаттарының кезекті сайлауында Шымкент қаласы Абай, Әл-Фараби, Еңбекші және Қаратау аудандық сайлау комиссияларының нәтижелері негізінде 348 644 адам дауыс берді. Бұл азаматтық таңдаудың қорытындысына сүйенсек, депутаттық мандаттарды бөлу барысында 7 пайыздан асқан «Nur Otan» (78,63%), «Ауыл» ХДПП (9,44%) және «Ақ жол» ҚДП (9,60%) партиялары мәслихатқа өтті, – деді Қайырбек Көбекұлы.
Спикердің сөзінше, Шымкент қаласы бойынша партиялар арасында «Нұр Отан» партиясына 24 мандат, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясына 3 мандат және «Ақ жол» демократиялық партиясына 3 мандат бөлінді.
Айта кетейік, мәслихат депутаттарының тізімі бүгінгі жарияланған қорытындыдан соң, 5 күн ішінде белгілі болады.
Күні кеше сайлауға қатысты өткен брифингте Қайырбек Құнанабаев 10 қаңтарда 348 644 шымкенттік өз таңдауын жасағандығы туралы мәлімдеген еді.
Фото: Береке Сейітжаппар