​Шымкент: соңғы тәулікте коронавирустың 81 жағдайы анықталды

​Шымкент: соңғы тәулікте коронавирустың 81 жағдайы анықталды

Вирус жұқтырған 24 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 57 адам үй бақылауына алынды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қазіргі таңда Шымкент қаласында санитарлық-эпидемиологиялық жағдай әлі күрделеніп тұр.

Шаһардың мамандандырылған инфекциялық стационарларында барлығы 1 380 орын бар. Төсек орын толымдығы 28 пайызды құрайды, 992 төсек орын бос. Қазір инфекциялық стационарда 388 науқас емделіп жатыр.

Қалада карантин талаптардың сақталуына 22 мобильдік жүргізіп келеді. Олар өткен тәулікте 414 нысанға тексеру жұмысын жүргізген. Арнайы топ 16 нысанда карантин режимі бұзылғанын анықтап, әкімшілік хаттамалар толтырды.