​Шымкент: өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 8 науқас анықталды

​Шымкент: өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 8 науқас анықталды

Шымкентте өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 8 азамат анықталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Олар өздеріне дейін вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған, карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Сондай-ақ 3 науқас емделіп шықты.

Шымкент қаласы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

Шымкент қаласында 2020 жылдың 24 наурызынан 9 ақпанға дейінгі аралықта COVID-19 ауруының 5 938 жағдайы тіркелді (3034 - симптомды, 2904 - симптомсыз). Емделіп шыққандар саны – 5 435.

Айта кетейік, өткен жылдың 1 тамызынан 9 ақпанына дейін COVID-19 белгілерімен (ICD-10 коды - U07.2) пневмонияның 1424 жағдайы тіркеліп, 7 адам емделіп шыққан.