​Шымкент: Өткен тәулікте ковидтің 72 жағдайы тіркелді

​Шымкент: Өткен тәулікте ковидтің 72 жағдайы тіркелді

Оның ішінде 50 науқаста ауру белгілері болса, 22 адам симптомсыз. Қазір 18 адам инфекциялық стационарға жатқызылып, 54 адам үй бақылауына алынған, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бүгінде қалада инфекциялық стационарларда 1 010 орын бар. Төсек-орынның толымдығы 25% құрап, 750 төсек-орын бос тұр. Инфекциялық стационарда 260 науқас емделсе, жан сақтау бөлімінде 10 адам ИВЛ, НИВЛ секілді құрылғылар арқылы ем қатылдап отыр.

Айта кетсек, шаһарда санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын бақылайтын 22 мобильді топ мониторинг жүргізіп келеді. Өткен тәулікте олар 339 нысанды тексеріп, 17 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғанын анықтаған.

Қазіргі эпидахуалға байланысты Шымкент әкімдігі тұрғындардан өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға және санитарлық талаптарды орындауға шақырады.