Шымкент қаласының бас санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу іс шараларын күшейту туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Shymkentaqparat
«Шымкент қаласының аумағында 2021 жылғы 12 сәуір сағат 00:00-ден бастап 2021 жылғы 26 сәуір сағат 00:00-ге дейін коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу іс шаралары күшейтілісін»,-делінген құжатта.
Жаңа қаулыға сәйкес:
– адамдардың көп жиналуына байланысты кез келген іс-шараларды өткізуге тыйым салынсын («ауыз ашар», еске алу, туған күндер, мерей тойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа);
–діни объектілерінің (мешіттер, шіркеулер, соборлар, синагогтар және тағы басқалар) жұмысы, ұжымдық Құдайға құлшылық етусіз, оның ішінде жұма намазы, «тарауих» намазы, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимімен және ҚР БМСД №67қаулысының талаптарын сақтаумен қалыпты режимде ұйымдастырылсын;
Сондай-ақ кеңсе қызметкерлерінің 50%-ін қашықтықтағы жұмысқа ауыстыру көзделеді.
Азық-түлік пен азық-түлікке жатпайтын базарлардың, жәрмеңкелердің қызметі шектеліп, толу деңгейі 30%-тен аспауы тиіс. Ал қызмет көрсету уақыты жұмыс күндері 06:00-ден 18:00-ге дейін, демалыс және мереке күндері 09:00-ден 17:00-ге дейін.
Банкет залдары мен аквапарктердің, жағажайлардың қызметіне тыйым салынады.
Косметологиялық қызметтерді ұсынатын СПА-орталықтар мен сұлулық салондары алдын ала жазылу бойынша 09:00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді, жексенбіде жұмысы тоқтатылады.
Айта кетейік, Шымкент эпидемиологиялық жағдай бойынша «сары» аймақта тұр.
Фото: ашық дереккөз