Шымкент: Жаңа жолайрықта жерасты өткелі болады

Шымкент: Жаңа жолайрықта жерасты өткелі болады

Қонаев даңғылындағы жолайрықта жерасты өткелі салынады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

– Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы бүгінде қарқынды жүріп жатыр. Қосымша өзгерістерге байланысты тұрғындарға тиімді болуы үшін аталған жолайрықта жерасты өткелінің құрылысы жоспарланған. Құрылыстың жобалау-сметалық құжаттамасы оң сараптамадан өтіп, оған қаржы бөлінді. Ол өткел жолайрық құрылысымен қатар жүргізілетін болады. Жалпы жоспар бойынша жолайрық жыл соңына дейін пайдалануға берілмек, - қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов БАҚ өкілдерінің қатысуымен құрылысы жүріп жатқан бірқатар нысандарды аралау барысында.

Қазіргі таңда 1,92 шақырым су және 1,82 шақырым газ құбырларының, 1,2 шақырым электр және 0,6 шақырым байланыс сымдарының орны ауыстырылып, жерасты өткелінің жұмыстары, қада құю және Рысқұлов көшесінің Қонаев даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі аралықта жол бөлігінің жұмыстары жүргізілуде.

Маңызды ақпар: Қонаев даңғылында өткел арқылы көліктердің қозғалысын ашу 1 қыркүйекке дейін, ал Рысқұлов көшесін көпірдің құрылысымен бірге көліктердің қозғалысы үшін ашу 1 қарашаға дейін деп жоспарланған.

Фото: Ернар Мамыр