Дәл осы күні, яғни 29 сәуірде осыдан 40 жыл бұрын қазақ жеріндегі санаулы зообақтардың бірі Шымкентте ашылған болатын, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Шымкент зообағы 1980 жылы 29 сәуір күні Социалистік Еңбек Ері, облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Асанбай Асқаровтың бастамасымен лентасы қиылды.
Әуелде ескі карьердін орны болған нысан зообақ болып қайта жарақтандырылды. Оған 54 құрылыс мекемесінің қатысты. Көпшіліктің қолдауының арқасында қысқа мерзімде құрылыс аяқталып, қала шетінен жануарлар әлемінен сыр шертер зообақ келушілерге есігін ашты.
Бастапқыда зооколлекцияда 75 түрлі аңның, 350-і ғана болса, қазіргі таңда 289 түрлі жан-жануардың 2 608 басы мекендейді.
Зоологиялық бақтың келбеті жыл өткен сайын өзгеріп келеді. Бақтың оң жақ бөлігінде хайуанаттарға арналған «Африка» аймағы құрылып, жан-жануардың түйеқұс, зебра, антилопа, гну, марал сынды 6 түрі бар.
Шымкент мемлекеттік зоологиялық саябағы 2010 жылдың шілде айында «Еуразиялық аймақтық зообақ және аквариум» ассоциациясына қайта мүшелікке енді.
Зообақтағы жан-жануарлардың басы мен түрінің артуымен бірге, тазалық, көгалдандырыру және қайта құру жұмысы да атқарырып келеді.
Шымкенттіктердің сүйікті демалыс орнына айналған бақтың осы жылдар аралығында қандай кейіпте өзгергенін назарларыңызға ұсынамыз.