Шымкент: Жыл басынан бері 33 мыңнан астам науқас коронавирустан емделіп шықты

Шымкент: Жыл басынан бері 33 мыңнан астам науқас коронавирустан емделіп шықты

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен брифингте қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Жолдасбекұлы баяндады.

– Өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырудың 68 жағдайы тіркелді. Қазір стационарда 406 науқас ем қабылдауда. Жыл басынан бері 33 191 науқас коронавирустан емделіп шықты. Эпид ахуал тұрақталғанмен, босаңсуға болмайды. Әлі де ауыр жағдайдағы науқастар ауруханаға түсіп жатыр. Инфекцияны алдын алудың бірден-бір жолы – вакцина. Сондықтан қала тұрғындарын екпе салдыруға шақырамын, – деді басқарма басшысы.

Спикердің сөзінше, қаладағы эпид жағдай жақсарғанымен, емхана жанынан құрылған мобильді бригадалар саны қысқартылмаған. Қазір қала бойынша 211 мобильді бригада тұрғындарға бастапқы медициналық көмек көрсетуде.

Айта кетейік, қаланың медициналық ұйымдарында COVID-19 індетіне қарсы екі айлық дәрілік заттар және медициналық бұйымдар қоры бар.